Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search Таңдаулы мақала Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдерімен жиі қолданылатын, мемлекеттің бейресми атауы — Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас. Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. (толығырақ …) Тәулік суреті Аптаның бірлескен жұмыстары Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз! | |
Уикипедия еркін өңдеуге, көшіруге және таратуға болатын көп тілді энциклопедия. Барлығы 93 087 ерікті қатысушы қазақ тілінде 226 001 мақала жазды және сол мақалаларды өңдеді.
Уикипедия сізді қоса алғанда баршаға ашық. Қазақша ашық және тегін білім қорын кеңейту үшін қауымдастыққа қосылып Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз.
Уикипедия статистикасы
Қазақша Уикипедия — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақша Уикипедия | |
URL: | kk.wikipedia.org |
---|---|
Коммерциялық? | Жоқ |
Сайттың түрі: | Желілік энциклопедия |
Тіркелу: | Міндетті емес |
Тілі: | қазақша |
Иемденуші: | Уикимедиа қоры |
Ашылған уақыты: | 3 маусым 2002[1] |
Мақалалар саны: | 225 992 |
Беттер саны: | 544 250 |
Өңдеулер саны: | 2 732 766 |
Тіркелген қатысушылар саны: | 93 196 |
Белсенді қатысушылар саны: | 197 |
Администраторлар саны: | 18 |
Тереңдігі: | 10 |
Мақала саны бойынша орны: | 40 |
Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002-жылдың 3-маусымынан бастап жұмыс жасап келеді[1].
Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия)[2], төте жазу (Қытай, Иран)[2] және латын жазуы (Түркия).[2] Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінуде.
Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 18 әкімші бар.
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Сандық
2020-жылдың қаңтардың 13 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 225 992 мақала бар. 93 196 қатысушы тіркелген, олардың 197 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 18 қатысушы әкімші қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны — 2 732 766. Тереңдігі (бүгін): 10
Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 40-орында (13.01.2020 көрсеткіш)[4], алайда өңдеу саны жағынан әзірше 58-ші орында тұр (16.11.2014 көрсеткіш)[5].
Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр ( 31 наурыз 2015. көрсеткіш)[6].
Сапалық
Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан 11.9индекспен 121-орында тұр (19.07.2015 көрсеткіш)[7].
Барлық Уикипедия тіл бөлімдерінде болу керек 1000 мақала санағында 24.82 индекспен 49-орында (05.03.2016 көрсеткіш)[8].
Келушілер саны
Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 13.7 млн рет қаралады (күніне 457 мың, сағатына 19 мың, минутына 317, секундына 5) [10]. 2016 жылдың наурыз айында қазақша Уикипедия беттері 9.1 млн рет қаралған (күніне 304 мың, сағатына 13 мың, минутына 211, секундына 4).[11] 2016 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (16.3 млн).[11]Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).[11][12]
Тарихы
Толық мақалалары: Қазақша Уикипедияның тарихы және Қазақша Уикипедия/СтатистикаАғылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.
2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — «қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 Желтоқсанға дейін 200 000 жетеді» — деді.
Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан қазақша Уикипедия түрікше Уикипедиядан кейін екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 — 25.12.2012ж.).
Халықаралық Түркі тілдес Уикипедиялар конференциясы
2012 жылдың 20 — 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тілдес елдер уикипедияшыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері уики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және «Google» компаниясының өкілдері қатысты. [13]
Логотиптер
Қазақ Уикипедиясына құйылған кітаптар
Қазақ энциклопедиясының өзінің материалдарын CC BY-SA лицензиясы аясында жариялауға рұқсат бергені жөніндегі хаты- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 — 50 000 мақала
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақ телевизиясы, Энциклопедия, «ҚазАқпарат» Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. — ISBN 978-601-7026-17-2
- Қазақстан — спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Тараз энциклопедиясы.
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
- ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
- Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1 ISBN 9965-16-512-2
- Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
- Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
- Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
- ↑ a b First currently-kept Main Page of 3 june 2002. Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ a b c Олег Сидоров Казахская диаспора за рубежом — есть ли надежда на возвращение? (орыс.). Gazeta.kz (19 ақпан 2004). Тексерілді, 1 қараша 2010.
- ↑ Wikimedia Traffic Analysis Report — Page Edits Per Wikipedia Language — Breakdown (ағыл.). stats.wikimedia.org (8 қаңтар, 2015). Тексерілді, 20 қаңтар, 2015.
- ↑ Уикипедия:Уикипедиялар тізімі (күнделікті жаңартылады) (қаз.).
- ↑ List of Wikipedias per edits (күнделікті жаңартылады) (ағыл.). s23.org. Тексерілді, 16 қараша, 2014.
- ↑ List of Wikipedias by speakers per article (ағыл.). Wikimedia META WIKI (31-03-2015.). Тексерілді, 28 қазан, 2016.
- ↑ List of Wikipedias by edits per article (ағыл.). Wikimedia META WIKI (19 шілде 2015). Тексерілді, 28 қазан 2016.
- ↑ List of Wikipedias by sample of articles (ағыл.). Wikimedia META WIKI (ай сайын жаңартылады). Тексерілді, 10 наурыз, 2016.
- ↑ Wikimedia Traffic Analysis Report — Page Views Per Wikipedia Language — Breakdown (ағыл.). stats.wikimedia.org (7 қыркүйек, 2016). Тексерілді, 27 қыркүйек, 2016.
- ↑ Kazakh Wikipedia at a glance February 2016 ( (ағыл.)). stats.wikimedia.org. Тексерілді, 7 сәуір 2016.
- ↑ a b c Page Views for Wikipedia, Both sites, Normalized (ағыл.). stats.wikimedia.org (3 қараша, 2016). Тексерілді, 5 қараша, 2016.
- ↑ Wikipedia Report Card: summaries for 50 most visited languages (ағыл.). stats.wikimedia.org (11 қазан, 2016,). Тексерілді, 5 сәуір, 2016.
- ↑ Түркі тілді Уикимедиа конференциясы (қаз.). Wikimedia META WIKI.
Сыртқы сілтемелер
Тағы қараңыз
Уикипедия — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уикипедия (ағылш. Wikipedia, IPA: /ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/, не /ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/, немесе /ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 35 миллионнан асты.
Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.
Тарихы
Тұңғыш рет 2001 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс мен Ларри Сэнгер іске қосқан «Уикипедия» бүгінгі күні ғаламтордағы ең ірі және ең әйгілі мағлұматнама болып отыр. Көлемі мен қамтитын тақырыптар саны жөнінен «Уикипедия» әлем тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады және оның үлкен ең артықшылықтарының бірі — ондағы мақалалардың әлемнің түрлі тілдерінде болуы. Уикипедия — гаваи тілінде (wiki-жылдам) деген мағынаны білдіреді.
Уикипедиядағы мақалалардың мазмұны сенімсіз әрі олар нақты деректер емес. Сыншылар Уикипедия вандализмге біртабан жақын екенін айтуда және олардың пікірінше ондағы материалдар сенімсіз дереккөздерге сүйенген, жалған ақпараттар болуы мүмкін. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижелері Уикипедияшылар тарапынан вандализмге әдетте жол берілмейтінін көрсетіп отыр.
Энциклопедиялық мағлұматнама функциясын атқарумен қатар, жиі жаңартылып отыратындықтан Уикипедия желілік ақпарат тасымалдау көзіне айналды.
Уики — (ағылш. Wiki) арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік беретінт веб-сайт. «Уики» терминін тұңғыш рет 1995 жылы сайттарды сипаттау үшін Уорд Каннингем қолданды, Wikiwikiweb деп аталатын ен алғашқы уики-жүйенің атауы гавай тілінен аударғанда «жылдам» деген мағынаны білдіреді.
Уорд Каннингем және оның көмекшісі Бо Леуф өздерінің «The Wiki Way: Quick collaboration on the web» кітабында «Уики» концепциясын былай тұжырымдаған:
- Уики кез келген қолданушыға сайтты өзгертуге және жаңа беттер құруға мүмкіндік береді және бұл үшін қарапайым веб-браузерді қолдануға болады.
- Уики-жүйесі беттер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
- Уики сайты кездейсоқ қолданушыларға емес, керісінше сайт құру процесіне үздіксіз қатысып отыратын қолданушыларды жұмылдыруға арналған.
Уики-жүйесінің қасиеттері:
- Бір мәтінді бірнеше рет өзгертуге мүмкіндік береді.
- Ерекше тіл белгілері — «уики белгілер» деп аталады, мәтін құрылымын элементтер мен гиперссылкалармен, сондай-ақ басқа да түрлі құралдар арқылы көркемдеуге боладыі.
- Өзгерістерді есепке алу — жаңа өзгертулер мен ескі өзгертулерді салыстыру, сонымен қатар ескі ақпаратты қайта орнына келтіруге мүмкіндік береді.
- Көп авторлар — сайтқа қонақ болған кез келген тұтынушы ондағы мақалаларға өзгерістер енгізіп, толықтырып немесе қысқарта алады.
Сыртқы сілтемелер
http://www.wikibilim.kz
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады.[1]
Тарихы
1968 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 13 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес Қазақстан Ғылым Академиясы жанынан «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы болып құрылған.
130 адамнан тұратын ұжымның шығармашылық күші 11 ғылыми редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының Бас редакциясы жанынан барлық ғылыми салалары бойынша 29 ғылыми-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақстан Ғылым Академиясының 27 академигі мен корреспондент мүшесі, 84 ғылыми доктор, 189 ғылыми кандидат болды.[2]
Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғылыми мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 жылы Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 жылы 2 қарашада жабық акциондық қоғам болып қайта құрылды. «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» 1972–1978 жылдары аралығында әзірлеп, баспадан шығарды.
1982 жылы осы тұңғыш энциклопедияның әліпбилік пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» анықтамалығы (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 1981) жарық көріп, барлығы 15 томдық топтама шығару ісі жемісті аяқталды. Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақ КСР» атты қысқаша энциклопедиясы (1986–1989). Бұл анықтамалыққа, негізінен, қазақ елінің тарихына, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты мәліметтер енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған «Ол кім, бұл не?» (үш томдық, 1985–1987), «Негеш» (1995), «Әлемде талай қызық бар» (екі тілде, 1986–1990) кітаптары жарық көрді.
Ұлы тұлғаларға арналған энциклопедиялар
- Ш.Уәлиханов шығармаларының академиялық бес томдығын (орыс тілінде, 1984–85),
- М.Әуезовтің таңдамалы шығармалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997),
- «Құрманғазы» (1998),
- «Қорқыт» (1999),
- «Ә.Бөкейханов Таңдамалы» (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып,
- 20 ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын жеке кітап етіп шығарды (1998, 1995).
- Абай Құнанбайұлының бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай энциклопедиясын» (1995) әзірлеп, баспадан шығарды.
- «Хирургтің анықтамалығы» (академик М.Әлиев, 1997),
- «Қазақстанда инженерлік істің дамуы» (екеуі де орыс тілінде, 2001 жылы жарық көрді) атты көлемді анықтамалықтар да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды.
2012 жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласында «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясының тұсау кесері өтті. Аталған энциклопедия соңғы уақыттары қазақ халқының ұлы перзенттеріне арналып жарық көрген энциклопедиялардың үшіншісі болды. Бұған дейін «Абай» және «Мұхтар Әуезов» атты энциклопедиялар дайындалған болатын[3].
Облыстар мен қалалар тарихына арналған энциклопедиялар
Басқа энциклопедиялар
- 2-дүниежүзілік соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай «Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап» деген айдармен әр облыс бойынша 2–7 томнан тұратын «Боздақтар» көп томдығы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді.
- Тақырыптық энциклопедиялардың алғашқы легі шағарылды:
- «Қазақстан табиғаты», 1–2-томы, 2008–2009;
- «Қазақстан ғылымы», 2 том, 2009–2010.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақ энциклопедиясының редакциясы 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын жарыққа шығарды.
Қазақ энциклопедиясының басшылары
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- ↑ [1]
- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.
Сілтемелер
Казахская энциклопедия — Википедия
Материал из Википедии — свободной энциклопедии
Текущая версия страницы пока не проверялась опытными участниками и может значительно отличаться от версии, проверенной 5 апреля 2019; проверки требуют 2 правки. Текущая версия страницы пока не проверялась опытными участниками и может значительно отличаться от версии, проверенной 5 апреля 2019; проверки требуют 2 правки.ТОО Казахская энциклопедия (каз. Қазақ энциклопедия ЖШС) — научное издательство, государственное ТОО, подведомственное Минсвязи.
Советский период[править | править код]
Предтечей современного издательства стала «Казахская советская энциклопедия», созданная в 1968 году. В 1975 году издательство вошло в систему Государственного комитета по делам издательств и полиграфии Казахской ССР. Редакция «Казахской советской энциклопедии» занималась широкопрофильным энциклопедическим книгоизданием: выпускала региональные и отраслевые энциклопедии, различные справочники и словари (в том числе терминологические и двуязычные) и другие издания[1].
В 1972—1978 годах издавалась первая 12-томная Казахская советская энциклопедия на казахском языке, удостоенная Государственной премии КазССР. В 1981 годах увидел свет энциклопедический справочник «Казахская Советская Социалистическая Республика» (на казахском и русском языках), с 1981 по 1991 года издавалась 4-томная краткая энциклопедия «Казахская ССР» (на казахском и русском языках)[1]. С 1985 по 1987 годы издавалась трёхтомная детская энциклопедия на казахском языке «Ол кім, бұл не?» (региональный аналог издания «Что такое? Кто такой?»)[2]. За 25 лет Главная редакция Казахской советской энциклопедии выпустила 55 отдельных томов общим тиражом около 3 млн. 600 тыс. экземпляров. В разное время с издательством сотрудничали известные учёные-академики: У. М. Ахмедсафин, О. А. Байконыров, С. Б. Байтов, Т. Б. Дарканбаев, О. А. Жаутыков, А. Х. Маргулан и др.[1]
В независимом Казахстане[править | править код]
Главная редакция Казахской энциклопедии образована на базе Главной редакции Казахской советской энциклопедии в 1993 году. С ноября 2001 — современное название. Специализированное республиканское научно-издательское предприятие, осуществляющее выпуск энциклопедий, и справочной литературы на государственном, русском и английском языках. В фондах энциклопедии систематизированы материалы о социально-экономическом и общественно-политическом состоянии Республики Казахстан, об её истории и культуре[3].
Универсальные многотомные энциклопедии[править | править код]
Универсальные энциклопедические словари[править | править код]
Отраслевые и тематические[править | править код]
Книги, залитые в Казахскую Википедию[править | править код]
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.(Национальная энциклопедия Казахстан) — 50 000 статей
Казахская советская энциклопедия[править | править код]
Казахстан. Национальная энциклопедия[править | править код]
Айбын. Энциклопедия — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Айбын. Энциклопедия | |
Авторы | С. Қ. Көшімбаев, бас редакторы — Б. Ө. Жақып, редакторы — Д. Махранов |
---|---|
Түпнұсқасы | |
Тілі | қазақша |
Қазақша басылым | |
Баспасы | «Қазақ энциклопедиясы», Алматы |
Беттер саны | 880 |
ISBN | 9965-893-73-X[1] |
өңдеу |
Айбын. Энциклопедия — 2011 жылы Алматы қаласы «Қазақ энциклопедиясы» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — С. Қ. Көшімбаев, бас редакторы — Б. Ө. Жақып, редакторы — Д. Махранов. Беттер саны — 880.[2]
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 9965-893-73-X.[1]
Қысқаша мазмұны[өңдеу]
Ана тілімізде алғаш рет шығарылып отырған «Айбын» әскери энциклопедиясы ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының, Ішкі және Шекара әскерлерінң қатардағы жауынгерлерінен бастап барлық әскери қызметкерлеріне, Әскери академия, әскери жоғары оқу орындары, училищелердің және Кадет корпусы курсанттарына, азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары студенттеріне, басқа да арнаулы әскери орта мектеп ұландарына, курстар мен факультет тыңдаушыларына қосалқы оқу құралы есебіндегі ғылыми дерек көзі ретінде ұсынылған. Барша кітап сүйер қауымға арналған.
Тағы қараңыз[өңдеу]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ a b ISBN, ISMN, ISSN Агенттіктері
- ↑ «bookchamber.kz» сайтындағы кітаптар базасы
Сыртқы сілтемелер[өңдеу]
Уикипедия:Уикипедия туралы — Уикипедия
Бұл – келушілерге Уикипедия жобасы туралы қысқа мәлімет беретін бет. Ол туралы Уикипедияда тағы толық энциклопедиялық мақала бар: УикипедияҚазақша Уикипедия дәл қазір |
---|
Уикипедия 1.35.0-wmf.14 (48369d5) соңғы нұсқасындағы MediaWiki қозғалтқышымен жұмыс істейді. Онда 225 992 мақала, 2 732 766 өңдеме, 9714 жүктелген файл, 93 196 тіркелген қатысушы, 18 администратор бар. |
Бұл жергілікті уақыт бойынша: 08:50, 13 қаңтар 2020 |
қ · т · ө |
Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар.
Уикипедияны бүкіл дүние жүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. 2001 жылы пайда бола салысымен Уикипедия интернеттегі ең үлкен мәлімет беретін сайттарының біріне айналды. Қазіргі таңда 70 000 белсенді авторлар[1]280-ден астам тілде 51 620 653 мақала қосқан. Қазақ тіліндегі мақалалардың саны 225 992 жетті; күн сайын жүздеген мың келуші Уикипедия энциклопедиясында қамтылған білімді толықтыру үшін ондаған мың өзгертулер жасап, мыңдаған жаңа мақалаларды қосады. (Тағы қараңыз: Уикипедия:Уикипедия статистикасы).
Келушілердің үлес қоса алулары үшін оларда арнайы білімнің болуы шарт емес, себебі олардың басты мақсаты қазір бар мәлімет туралы мақала жазу. Басқаша айтқанда, жасына, туып-өскен жеріне, мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан Уикипедияға мақала жаза алады. Мақалалардың басым көпшілігін интернетке кіре алатын әркім өңдей алады. Ол үшін өңдеу деген сілтемені нұқыса жетіп жатыр. Әркім Уикипедияның өңдеу ережелеріне сай келетін және белгілі бір стандарттан төмен болмайтын мәлімет, сілтемелер немесе дәйексөздер қоса алады. Мысалы, егер сіз бір мақалаға бір мәлімет қосатын болсаңыз, онда өз мәліметіңізді қайдан алғаныңызды көрсетіңіз, себебі сілтемесіз келтірілген мәліметтер алынып тасталады.
Мәлімет қосқанда немесе өңдегенде Уикипедияны бүлдіріп қоймаймын ба деп уайымдаудың қажеті жоқ, себебі басқа редакторлар кеңес беруге немесе қателерді түзетуге әрқашан дайын, әрі Уикипедияның MediaWiki деп аталатын өзінің бағдарламалық құрылымы үлес қосушылар жасаған қателерді болдырмай тастауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған.
Wikipedia.org — Уикипедияның барлық тілдерге арналған бастапқы беті.Уикипедия әркім үлес қоса алатын жалғасып жатқан еңбек болғандықтан, оның қағаз мәлімет көздерінен елеулі айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, ертеректе жазылған мақалалар толығырақ және бейтараптау болып келеді де, беріректе жазылған мақалаларда жиі-жиі жалған мәлімет, энциклопедияға сай келмейтін мазмұн, тіпті бұзақылық кездесіп отырады. Қолданушылар шынайы мәліметті алып, жақында ғана қосылғандықтан әлі алынып тасталып үлгірілмеген жалған мәліметтен сақ болулары үшін жоғарыда айтылғанды есте сақтауға тиіс (бұл туралы көбірек мәліметті мына жерден алуға болады: Уикипедиямен зерттеу). Бірақ Уикипедияның қағаз энциклопедиялардан маңызды артықшылығы — Уикипедия әрқашан жаңарып отырады. Қағаз энциклопедияларда жаңа мақалалар жазып, бар мақалалардың өңдеу үшін айлап-жылдап уақыт кететін болса, Уикипедияда бұл бірнеше секунд, минут, әрі кетсе сағаттың ішінде жасалады.
Ал енді біз сізді уақыт бөліп Уикипедия дегеніміз не (және не емес) дегенді оқып шығуға кеңес береміз. Сол арқылы сіз қалай Уикипедиядан мәлімет алып, оған қалай үлес қосуға болатыны туралы ақпарат ала аласыз. Басты тақырыптар туралы мәлімет төменде берілген. Егер іздегеніңізді таба алмасаңыз, онда жиі қойылатын сұрақтар дегенге барып көріңіз. форумға сұрағыңызды қойыңыз.
Уикипедия туралы
Уикипедияның тарихы
Уикипедия басында Нупедияның бір тармағы ретінде пайда болды. (Нупедия – бұрын тегін энциклопедия жасауға бағытталған бір жоба болатын, қазір іске асырылуы тоқтатылған). Нупедияда күрделі әріптестер тексеру жүйесі болып, оған тек қана жоғары білікті мамандар ғана үлес қоса алатын, бірақ мақалалардың жазылу жылдамдығы төмен болды. 2000 жылы Нупедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс өзі Нупедияға қатысуға жұмысқа қабылдаған Ларри Сэнгермен бірге Нупедияны қосымша бір ашық жобамен толықтыру жолдары туралы ақылдаса бастады.
2001 жылғы қаңтардың екісінде Сангер Калифорниядағы Сан-Диего қаласында тұратын Бен Ковиц деген компьютер бағдарламашысымен бірге тамақ ішіп отырады. Тамақтың үстінде Бен Ковиц Сангерді уики ұғымымен таныстырып, оның мән-жайын түсіндіріп береді. Сангер бұның ашығырақ, әркім үлес қоса алатын энциклопедияны жүзеге асырудың өте тиімді жолы екенін түсіне қояды. Сангер уики ұғымымен бұрынырақ таныс болған Уейлсті Нупедияға қосымша уикиді ұйымдастыруға көндіреді. Сөйтіп, Нупедияның алғашқы уикиі 10 қаңтарда пайда болады.
Нупедияның редакторлары мен үлескерлері Нупедияны уики форматындағы бір парақшамен байланыстыруға қарсылық көрсетті. Сол себепті жаңа жобаға «Уикипедия» деген жаңа ат беріліп, ол 15 қаңтарда (бұл күнді қазір кейбір қолданушылар Уикипедия күні деп атап жүр) wikipedia.com деген өзінің жеке доменінде шыға бастады. Оған арнап өткізу жолағын және серверді Уейлс берді. Бұл жобаға қатысқан және қатысып жүрген қызметкерлердің ішінде оның қазіргі жетекшісі Тим Шеллді және бағдарламашы Джейсон Ричиді атауға болады. Көп ұзамай Уикимедиа қоры деген бейкоммерциялық ұйым құрылып, Уикипедияның ғаламтордағы домені қазіргі wikipedia.org дегенге өзгертілді. 2007 жылғы наурыз айында «уики» сөзі ағылшын тіліне жаңадан енген сөз ретінде қабылданды.[2]
2001 жылғы маусым айында бірқатар басқа тілдерде: каталан, қытай, нидерланд, эсперанто, француз, неміс, иврит, италиян, жапон, португал, орыс, испан және швед тілдеріндегі Уикипедиялар пайда болды. Одан кейін көп уақыт өтпей араб және венгр тілдес Уикипедия тіл бөлімдері ашылды.[3] Қыркүйек айында[4]поляк тіліндегі Уикипедия да қосылып, Уикипедияны көп тілді етуге шындап кірісе бастады. Жылдың соңында норвег және сербохорват тілдеріндегі Уикипедиялар да пайда болды.
Сауда белгілері мен құқықтар
Уикипедия — бірқатар тегін мазмұнды жобаларды іске асыратын коммерциялық емес Уикимедиа қорының тіркелген сауда белгісі. Осы жобалардың әрқайсысында сіздің еш тартынбай мақалаларға өзгеріс енгізіп, өзіңіз пайдалы деп көретін мәліметті басқалармен ынтымақтаса отырып енгізуге толық мүмкіндігіңіз бар.
Уикипедиядағы барлық мәтіндер және бейнелер мен басқа да материалдардың басым бөлігі GNU Free Documentation License (GFDL) бағынады. Егер сіз бір мазмұн қосатын болсаңыз, сол мазмұн сіздің өз иелігіңізде қала береді, ал GFDL лицензиясы сол мазмұнның тегін таратылуына және басқалардың қолдана алуына кепілдік береді.
Уикипедияға үлес қосушылар
Толық мақаласы: Уикипедия:УикипедияшыларОндаған мың тұрақты редакторлар — білікті мамандардан кездейсоқ оқырмандарға дейін Уикипедияны өңдей алады. Осы арқылы оған орасан зор мөлшерде мәлімет енгізуге болады. Уикипедия мүшелері жоғары сапалы мақалалар жазып, әдептілікті сақтауға көмектесетін бірқатар шаралар ойластырылған. Редакторлар беттерді бақылап, бағдарламашылар кейбір дұрыс емес өзгертулерді қадағалап, түзетіп отыратын бағдарламалар жаза алады. Ерекше өкілеттіліктері бар 1000-нан астам әкімшілер редакторлардың мінез-құлқының Уикипедияның ережелеріне және саясаттарына сай болуын қадағалайды. Егер жағдай ортақ пікірге келу арқылы мүлдем шешілмейтіндей болса, онда төрешілер комиссиясы шешім қабылдап, өзгеріс енгізу құқығынан айыра немесе оны шектеуге немесе басқа да шаралар қолдана алады.
Осы сайт Уикимедиа қорының меншігі болып табылса да, мақалалардың жазылуына және сайттың күнделікті жұмысына Қор көбінесе араласпайды.
Уикимедиa қоры
Толық мақалалары: Уикимедиa қоры және МетауикиУикимедиа қоры (Wikimedia Foundation, Inc.) — Құрама Штаттардағы Флорида штатындағы Сейнт Питерсбург қаласында орналасқан коммерциялық емес адамгершілік көмек ұйымы. Ол ұйым 2003 жылы Уикипедия және басқа тетелес жобаларға заңдық өкілеттік жасау мақсатымен құрылған. Уикипедияға қатысты сауда белгілері мен зияткерлік меншік құқықтары Уикимедиа қорының иелігінде. Оның барлық дерлік қызметтерін Уикипедия жұртшылығының еріктілері атқарады. Оған қоса Уикипедияда жалақы алатын бес қызметкер (екі компьютер бағдарламашысы, бір әкімші, демеу қаржы жинауды ұйымдастырушы және атқарушы директор), үш техникалық қызметкер (бағдарламалық және желілік басқару), шамамен 15 маманнан тұратын Кеңесшілер Алқасы және Қамқоршылар Алқасынан құралған. Қордың тармақтары бірнеше елдерде бар, жаңа тармақтар да ұйымдастырып жатыр. Олардың негізгі мақсаттары — өздері орналасқан жерге қатысты анықтауыш мәліметтер, жарияланымдар, демеу жинау және басқа мәселелермен айналысу.
Қор бүкіл жобаның деңгейінде Уикипедияның бүкіл дүние жүзіне қатысты барлық тілдерге және оның тетелес жобаларына қатысты ережелерді және нұсқауларды анықтап, керек болғанынша заңдық және интеллектулдық меншік мәселелер бойынша оларға қолдау көрсету. Ашық қайнарлы Уикипедия бағдарламалық жасақталуына (МедиаУики) керекті өзгерістерді де енгізіп отырады.
Өзінің барша адамдар тегін қолдана алатын анықтамалық материалдар жасап шығару және жобаның жұмысын үйлестіру мақсатына сай, Уикимедиа қоры Метауики деген бет те ұйымдастырған. Онда барлық жобаларға қатысты барлық мәселелер талқылана алады, баршаға қатысты ережелер қабылданып, incubator жаңа жобалар мен жаңа тілдердегі беттерді бастауға және бастапқы дамытуға қатысты мәселелер қарастырылады. 2007 жылғы тамыз айында Уикипедияның және оған туыстас жобалар жұртшылығы тарапынан басталған жобалар саны 100 шақты болды.
Уикипедияны ең тиімді қолдану
Уикипедияны зерттеу
Уикипедия сайтына келушілердің кейбіреулері білім алу үшін, кейбіреулері өз білімімен бөлісу үшін келеді. Тіпті сіз осы бетті оқып отырған кездің өзінде ондаған мақалалар өңделіп, жаңа мақалалар басталып жатыр. Сіз жақында жасалған өзгерістерді жуықтағы өзгерістер деген беттен көре аласыз. Сіз кездейсоқ мақалалардыда көре аласыз. Уикипедияда мақалаларды түрлі тақырыптар бойынша топтастыратын порталдар бар. Экранның сол жағында орналасқан іздеу жолағын қолданып, өзіңізді қызықтыратын мақалаларды іздей аласыз.
Қаласаңыз, Уикипедияны басқа тілдерде де оқи аласыз. Уикипедия екі жүзден астам тілде ақпарат береді (қараңыз:Уикипедия:Уикипедиялар тізімі).
Туыстас жобалар
Басқа тілдердегі Уикипедия
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- ↑ Active wikipedians (Wikipedians who contributed 5 times or more in this month) ( (ағыл.)). stats.wikimedia.org (1 тамыз 2013). Тексерілді, 12 қазан 2013.
- ↑ http://www.oed.com/help/updates/Prakrit-prim.html
- ↑ Wikipedia announcements — May 2001.
- ↑ Wikipedia announcements — September 2001.